
Құтқарушылар жабдықталмаған жерлерде шомылу орындары бойынша қауіпсіздік рейдтерін жалғастыруда. ШҚО ТЖД қызметкерлерінің бірнеше рет ескертулеріне қарамастан, өңірде «жабайы жағажайларда» 3 адам суға кетті, оның ішінде 1 бала. Адамдар демалыс үшін түбі тексерілмеген, қатты ағыс бар су қоймаларын таңдаудан қорықпайды және нәтижесінде қайғылы оқиғалар орын алады. Жазда облыс әкімдігінің қаулысына сәйкес 22 көпшілік демалатын және 74 тыйым салынған жер анықталды. 1 муниципалдық жағажай (Ұлан ауданы), 5 коммуналдық жағажай (Өскемен қаласы - 2, Риддер қаласы - 1, Алтай ауданы - 2) және 4 жеке жағажай (Ұлан ауданы) жұмыс істейді.
Айта кетейік, облыстың су қоймаларында патрульдеу мен рейдтер күн сайын жүргізіледі. Құтқарушылар демалушыларға жадынамалар тапсырады және азаматтарға суда жүру ережелерін жеткізеді.
Суға шомылу маусымы басталғалы бері барлығы 2100-ге жуық рейд өткізілді.
"Демалушыларға шомылу үшін тек жабдықталған орындарды ғана таңдауға, су қоймаларында тыйым салатын белгілерді ескеруге шақырамыз, өйткені бұл жерлерде ағыс, шұңқырлар мен бұрылыстар күшті. Су айдындарында қауіпсіздік ережелерін бұзғаны немесе орындамағаны үшін жауапты тұлғалар мен азаматтар ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 364 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады: 364 - жалпы суды пайдалану ережелерін бұзу және 412 - су айдындарында қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау ", - деп атап өтті.
ШҚО ТЖД бастығының орынбасары, Қуатбек Кенжебекұлы.