Ең бастысы адамдардың қауіпсіздігі

Ең бастысы адамдардың қауіпсіздігі

Барлық ыстық күндер бойы облыста жағажайлар және суға шомылуға бекітілмеген жерлерге рейдтер жүргізіледі. Полицейлер және ШҚО ТЖД құтқарушылары мен Өскемен қ. ТЖБ суайдындарда алдын алу шарларын белсендірді. Облыста суға шомылу кезеңінен бастап 4 адам суға кетіп қалды, барлық оқиғалар жабдықталмаған орындарда болды.
Аса назар аймағында – балалар, олар жазғы кезеңде үлкендерсіз суайдындарда бос уақытын жиірек өткізеді.
Суға шомылатындардың жеке бір санаты: мас күйдегі демалушылар. Көптеген адамдар судағы демалыстарын спирттік ішімдікпен өткізеді. Және де олар қауіпсіз емес «жабайы» жағажайларды таңдайды. Алайда, осындай әрбір оқиғалар азаматтар өмірі үшін қауіпті.
Полицейлер және құтқарушылар түсініктеме жұмысын жүргізеді. Суға шомылу маусымынан бастап барлығы 2100 рейд өткізілді, оның барысында суда қауіпсіздік шараларын сақтамағаны үшін 1581 бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Одан басқа, қоғамдық орындарда көріністердің 2000-нан астам фактісі анықталды, оның ішінде жағажайда мас күйде болу немесе спирттік ішімдік ішу фактілері.
Азаматтардың санасын оятуға және суайдындарда қағидаларды сақтауға жаппай суға шомылу орындарында құтқарушылармен бірге патрульдеу жүргізетін еріктілер көмектеседі.
Суға шомылу кезеіңнде екі ай ішінде өңірдің суайдындарында ШҚО ТЖД қызметкерлерімен18 адам құтқарылды, оның ішінде 4-уі бала.
ШҚО ТЖД құтқарушылар ескерткендей, демалыс кезінде суда аса сақ болу қажет: тексерілмеген және дайындалмаған жерлерге суға шомылмау, өз балаларыңызды көзден таса қылмау. Суайдындардың маңында ыстық ауа-райы кезінде ішімдік ішудің зияны туралы естен шығармау керек. Көптеген қайғылы оқиғалар нақты осы себептерден болады», - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлы.
Рейдке қатысушылар, олардың негізгі міндеті айыппұл салу емес, қауіпсіз демалу сұрақтарына назарларын аударту екендігін ескертеді.