
ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 02 тамыз Астана уақытымен 23 сағат 15 мин жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан 859 км солтүстік-шығысқа қарай Қазақстан аумағында орналасқан (ШҚО, Үлкен Нарын ауданы, Үлкен Нарын елді мекенінен 70 км, Өскеменнен 224 км). Эпицентр координаталары 48.665º с.е. 84.840º ш.б. Тереңдігі 10 км.
Сезілетіндігі туралы мәліметтер: Өскемен қ. 2-3 балл
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ
Ішкі есіктің ашылуына немесе бөлменің бұрышына паналаңыз.
Құлаған қоқыстардан немесе ауыр жиһаздардан сақ болыңыз.
Балконға жүгірмеңіз, терезелер мен ауыр заттардан алыс тұрыңыз.
Ғимараттан жүгірмеңіз, дүмпулердің аяқталуын күтіңіз, содан кейін ғана бөлмеден шығыңыз.
Лифтті пайдаланбаңыз. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын өшіріңіз.
Өзіңізбен бірге фонарь, алғашқы медициналық көмек қобдишасы, құжаттар болуы керек дабыл чемоданын алыңыз.
Егер сіз сыртта болсаңыз, ғимараттар мен электр желілерінен алыс ашық аумақты табыңыз.