Жемісті ынтымақтастық

Жемісті ынтымақтастық

ШҚО ТЖ департаменті ШҚО Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына Шығыс Қазақстан облысының сейсмикалық егжей-тегжейлі зондтау және Өскемен қаласының сейсмикалық шағын аудандастыру карталарын берді. Бұл карталарды ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық бақылау және зерттеу Ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС мамандары әзірледі.
"Карталар облыс пен Өскемен қаласы аумақтарының сейсмикалық тәуекелін бағалауға және жер сілкіністерінен болатын залалдың болжамын жасауға мүмкіндік береді, сондай - ақ сейсмикалық қауіпті аудандардың ғимараттары мен құрылыстарына паспорттау жүргізу үшін негіз болады", - деп атап өтті ШҚО ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Арман Наурызбаев.
ШҚО ТЖД және Құрылыс басқармасы өкілдерінің өткен жұмыс кездесуінде өзара іс-қимыл және төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелері талқыланды.