АҚжӘБ комитетінің төрағасының ШҚО-ға жұмыс сапары

АҚжӘБ комитетінің төрағасының ШҚО-ға жұмыс сапары

Кеген Тұрсынбаев ШҚО ТЖД бөлімшелерінің қызметін тексерді және Өскеменде құрылған ҚР ТЖМ екінші құтқару батальонына барды.

Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы құтқарушылар мен әскери қызметшілердің қызмет өтеу жағдайын бағалады, жабдықтардың техникалық жай-күйімен танысты. Облыс гарнизонының жеке құрамымен әңгімелесті.
Кеген Тұрсынбаев халыққа жан-жақты көмек көрсету үшін төтенше жағдайларға ден қоюды жетілдіру жөнінде бірқатар тапсырмалар берді. Төтенше жағдайлар санын азайту және оларды уақтылы болжау жұмысы бойынша міндеттерді белгіледі.
Ол сондай-ақ ШҚО ТЖД бөлімшелерінің басшылық құрамымен жұмыс кеңесін өткізді, онда ол әрбір қызметкерге ҚР ТЖ Министрінің қызметтік-әскери тәртіпті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау және төтенше жағдайлар жүйесі бөлімшелерінің техникасы мен мүлкіне ұқыпты қарау жөніндегі тапсырмасын жеткізді.