Бесқарағай ауданындағы кезекті рейд

Бесқарағай ауданындағы кезекті рейд

Ыстық күндер басталғалы бері адамдар ауданның су айдындары мен өзендерінде жаппай суға түсе бастады. Еліміздегі су айдындарындағы адамдардың көп өлімі суға мас күйінде түсумен байланысты. Осындай бақытсыз жағдайларды азайту мақсатында Бесқарағай ауданының ТЖБ қызметкерлерімен және Бесқарағай ауылының 54-ӨСБ жеке құрамымен демалыс күндері жабдықталмаған орындарда суға түсу бойынша рейдтер жүргізілді. Рейдтер сондай-ақ суға түсіп жүрген кәмелеттік жасқа толмаған балалардың ата-аналардың қарауынсыз жүруін анықтауға және болдырмауға бағытталды. Рейд барысында демалушылармен суда өзін-өзі ұстау тәртібі мен қауіпсіздік жайлы түсіндіру әңгімелері жүргізіліп, жадынамалар таратылды. Демалушылар әскери киім киген адамдарға үлкен қызығушылық танытып, зейін қойып тыңдады және судағы барлық қауіпсіздікті сақтауға сөз берді. Осы бағыттағы жұмыстар жаз бойы жалғасын табатын болады.  

 

Бесқарағай ауданының ТЖБ