
Шығыс Қазақстан суайдындарына өте бай, ал аптап ыстық облыс тұрғындарын су жағасына демалуына мәжбүрлеуде. Құтқарушылар қандай-да болмасын өзен, көл, тоған жанынан өтсе де – барлық жерде демалушылар. Жабдықталмаған орындарда шомылу қаупі туралы ескерту мақсатында құтқарушылар барлық сувйдындарын аралайды, тұрғындарға профилактикалық жұмыстарды жүргізеді.
Мысалы, ШҚО Ұлан ауданында, азаматтардың назарын жасақталмаған жағажайдағы қауіпке барынша назарын аудару үшін ауданның азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері біртүрлі рейд өткізді. «Әзірейіл» жағажайды аралап, демалушыларға шомылу маусымындағы қайғылы статистикаға кімдердің кіретіні туралы айтты. Ерекше назар ата-аналардың қарауынсыз, жағда ойнап жүрген балаларға аударылды.
Шомылу маусымының басынан бері облыста 22 адам суға батып кеткенін қайталаймыз, оның ішінде 17 жасқа дейінгі 8 бала бар.
«Жабайы» суайдынында демалу кезінде судан төнетін қауіпті ұмытпаған жөн. Бөтен жерде суға шомылып, сүңгімеңіз, алысқа ұзамаңыз. Ойындарды ойнау кезінде абай болыңыз. Үрлемелі матрас немесе камерамен жүзуге болмайды (олар жағада күнге қыздырынуға арналған). Мас күйде суға кірмеңіз. Ыстық кезде де қатты тоңбас үшін 15 минуттан аса шомылмаған дұрыс. Ағысқа түсіп кетсеңіз, қарсы жүзуге тырыспаңыз, ағыспен бірге жағаға жүзіңіз.
Адам суда көп жүрген кезде тоңғанна аяқ-қол тартылып қауы ықтимал. Ол кезде терең тыныс алып, суға көлденеңінен жатып, аяқты созып, басбармақты ұстап өзіңе қарай қатты созу керек. Бұлшық етті ойнату тартылып қалған жерді тарқататынын есте сақтау қажет. Бұндай жағдайда бастысы барлық күш-жігерді қалыптасқан жағдайдан шығып, байбаламға салмау болып табылады.
Жазатайым оқиғаларға жол бермес үшін судағы ережелерді сақтаңыз!
ШҚО ТЖД