Құтқарушылардан көмек

Құтқарушылардан көмек

Бүгін құтқарушыларға Өскемендегі Ертіс пен Үлбі өзенінің қосылған жеріндегі аралдан шыға алмай тұрған адамдардың көмек сұрағаны туралы хабар түсті.

Адамдарды құтқаруға шыққан құтқарушылар жағаға жүзіп жеткен бір ер адамды тауып алды. Қайыққа отырғызып алып, қалған 3 адамнын орнын көрсетуді сұрады. Бір құтқарушы жанына ер адамды ертіп алып аралды араласа, екіншісі жағалауды судан айнала іздеу барысында «демалушыларды» байқап қалды. Еркектердің айтуларынша таяз жермен аралға барып, сол жерде түнеуге қалған. Таңертең су деңгейі көтеріліп кетіп, жағаға келген жолдарымен қайта алмай қалады. Құтқарушылар төртеуін  қайықпен алып шығып, полиция қызметкерлеріне табыстады.

Жаздың басынан бері жедел-құтқару жасағының мамандары судан 18 адамды құтқарды, оның 4-уі бала.

 

ШҚО ТЖД