
Ақмола көшесінде уақытша тұрақта тұрған «ВАЗ-21099» маркалы көлігінің қозғалтқышы, құралдар панелі, орындықтарының қабы, доңғалағы мен жүк салғышы өртенген. Өрт сөндірушілер 3 минутта оқиға орнына келіп жетіп, өртті сөндіре бастады. Тағы 3 минут ішінде өрт сөндірулді, аумағы 6 шаршы метр.
Сондай-ақ 3 проезд көшесінде, түн ортасында тұрақта тұрған «Мазда 323» көлігі де өртенген. Көліктің қозғалтқышы, құралдар панелі, орындықтарының қабы, доңғалағы мен жүк салғышы жанған. Көліктегі өртті 5 минутта сөндірді, ауданы 4 шаршы метрді құрады.
Екі оқиғаның себептері – қауіптілігі жоғары агрегатпен абайсыз болу.
Семей өңірінде жыл басынан бері осындай 18 жеңіл көлігі өртенген.
ШҚО ТЖД