ШҚО құтқарушылары пәтердегі өрт кезінде 10 тұрғынды эвакуациялады

ШҚО құтқарушылары пәтердегі өрт кезінде 10 тұрғынды эвакуациялады

Өскемен қаласында пәтерде жеке заттар мен кіре беріс ағаш есіктің жануы орын алды. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 10 тұрғынды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады.
Өрт сөндірушілер пәтер иесінің мысығын да түтінді пәтерден шығарды.

Зардап шеккендер жоқ.
Өрттің себебі анықталуда.

 ТЖД азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды, жағдайды өртке жеткізбеуді сұрайды.