Қаланың АҚМЖ басқару органдарының дайындығы тексерілді

Қаланың АҚМЖ басқару органдарының дайындығы тексерілді

ШҚО, Риддер қаласында төтенше жағдайларды алдын алу комиссия, азаматтық қорғау қызметтерін, шұғыл әрекет ету жиынтық жасағын тарта отырып кешенді оқу-жаттығу өткізілді.

Оқу екі кезеңде өтті. Алдымен техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар қаупі төнген және туындаған кезде қала халқы мен аумағын қорғау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері пысықталды.

Содан кейін орман өрті, жойқын жер сілкінісі және сібір жарасының факторларын анықтау кезіндегі практикалық әрекеттер. Оқу-жаттығу барысында халықты құлақтандыру жүйесі тексерілді, ТЖК жеке құрамын, эвакокомиссияны, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарын жинау, қабылдау эвакопункттері мен жеке қорғаныс құралдарын беру пункттерін өрістету жүргізілді.

«Басты міндет-ықтимал төтенше жағдайлардың салдарын жоюға қаланың АҚМЖ дайындық деңгейін және қабілетін арттыру. ТЖ жоюды тәжірибелік пысықтау барысында жергілікті атқарушы органдардың, азаматтық қорғау қызметтерінің және шұғыл ден қоюдың жиынтық жасағының жұмысындағы үйлесімділік тексерілді», - ШҚО ТЖД бастығының орынбасары
Қуатбек Кенжебекұлы.

Қорытындысы бойынша азаматтық қорғау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар шығарылды.