ШҚО ТЖД құтқарушылары белгіленбеген жерлерде шомылушыларды анықтайды

ШҚО ТЖД құтқарушылары белгіленбеген жерлерде шомылушыларды анықтайды

Шомылу маусымы қызу жүріп жатыр, осыған байланысты ШҚО ТЖД қызметкерлері су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі туралы азаматтардың назарын аудара отырып, жаппай демалу орындарында профилактикалық жұмыстарды күшейтті.

Құтқарушылар аймақты патрульдеу үшін барлық мүмкін шараларды қолданады.

Бүгін Ұланка өзенінің Алибастр су қоймасындағы демалу үшін сүйікті орындардың бірінде полицейлермен және еріктілермен бірлескен рейд өткізілді. Мұнда шомылуға тыйым салынады, бұл туралы су қоймасының айналасында қойылған белгілер айтады, бірақ соған қарамастан демалушылар шомылады, қауіпсіздік ережелерін бұзады, алкоголь ішеді.

200-ге жуық адам рейдпен қамтылды, онда азаматтарға шомылу маусымда қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік туралы еске салынды, ал 9 демалушы ҚР ӘҚБтК 412, 364 және 440-баптары бойынша тартылды. 

ШҚО ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарынан қауіпсіздік мәселелеріне саналы және жауапкершілікпен қарауды сұрайды!