
2020 жылғы 19 шілдеде 17 сағат 16 минутта 400 шаршы метр аумақта Алтай қаласындағы қалалық қоқыстың өртенгені туралы хабар келіп түсті. Өрттің орманға таралу қаупі туындады.
Өртті өрт сөндіру қызметінен 5 адам, Зырян орман шаруашылығынан 7 адам және жергілікті атқарушы органдардан 6 адам сөндірді.
Қазіргі таңда өрттің таралу қаупі сейілді, ашық жалын жоқ. Жану ошағына су құю жалғасуда.
ШҚО ТЖД