
19 шілдеде сағат 20.10-да Жаңауыл ауылында нөсер жауын құйып өтті. Жауған жауын салдарынан 10 үйді су басып, су шамамен 20 см-ге дейін көтерілген.
Су саман кірпіштен жасалған шаруа қожалықтарының қабырғалары жартылай қирады. Су басқан үйлердің 20 тұрғыны – туыстарын паналады.
Ауданның өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері мотопомпаның көмегімен суды шығарды. Барлығы шамамен 7000 текше метр су шығарылды.
Қазіргі таңдаүйлердегі су кетті. Шығынды анықтау бойынша комиссия жұмыс істеуде.
ШҚО ТЖД