
18 шілдеде 01.16 минутта»101» пультіне Верхнеберезовский ауылындағы өрт туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына екі минут ішінде 37-ӨСБ өрт сөндірушілері келіп жетті, онда ауданы 80 шаршы метрде үйде өрт шыққаны белгілі болды. Жеке үйдің шатырындағы ағашы, төбесі, терезе мен есіктері, жиһаз, тұрмыстық техника, жеке заттары жанып жатқан. Үйде екі ер адам болған, өрт сөндірушілер оларды өрт шарпыған үйден далаға алып шығып, дәрігерлерге табыстады. Қазір олардың біреуі ауруханада. Екіншісін аман алып қала алмады – ол есін жимастан жансақтау бөлімінде жан тапсырды. Өрт сөндіру бөлімінің алты адамы екі сағат бойы отпен арпалысты.
Глубокое ауданының ТЖБ