
Құтқарушыларға туристердің бірінің аяғын жарақаттап алуына байланысты ШҚО Риддер қаласындағы турбазаға өздігінен бара алмаған туристер жүгінді.
Құтқарушылар авриялық-құтқару жұмыстары орнынан Риддер қаласына дейін 45 шақырым жүріп өтіп зардап шеккен адамды жеткізді, оның ішінде жаяу 6-8 шықырым және 38-40 шақырым автокөлікпен.
Құтқарушылар зембілдің көмегімен таулы, орманды мекенді жерлерден автокөлікке эвакуациялап, одан әрі туристі Риддер қаласына жеткізді.
Зардап шегуші жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды, жағдайы қанағаттанарлық.