Өскемен қаласында гипермаркетті сөндіру жұмыстары жүргізілді

Өскемен қаласында гипермаркетті сөндіру жұмыстары жүргізілді

ШҚО ТЖД өрт сөндірушілері электр сымдарының қысқа тұйықталуы нәтижесінде, гипермаркет қоймасын шарпыған отпен шартты түрде "күресті". Қызметкерлер түтінді байқап, сол бір мезетте бірден өрт сөндіру қызметін шақырып, өздері түтін басқан ғимараттан лезде шықты.

"Біз гипермаркет персоналының өрт сөндірушілер бөлімшелерімен өзара іс-қимылын пысықтадық, оның барысында объект қызметкерлерін қою қара түтін басқан үй-жайдан  өздігінен эвакуациялауға үйрету маңызды болды. Бұл ретте, басты назар аз уақыт ішінде адамның жану заттарымен улануы мүмкін, құрылыс материалдары жанған кезде бөлінетін улы заттарға аударылды. Әр минут қымбат. Ең бастысы-ғимараттағы эвакуация жолдарын білу", - деп Өрт сөндіру қызметінің кезекшісі Денис Львов атап өтті.

ШҚО ТЖД құрылыс материалдары орналасқан гипермаркетті сөндіру тактикасын пысықтады, келушілердің көліктері жиналған жағдайда кіру жолдарын пысықталды.

Шартты өрт жойылды, оқу-жаттығу мақсаттарына қол жеткізілді.