Ересектер назар аударыңыздар! Балалар суға батып жатыр!

Ересектер назар аударыңыздар! Балалар суға батып жатыр!

Кеше Өскеменде тағы да бір жазатайым оқиға орын алды – 10 жасар бала суға батып кетті. Балалар Ертістің сағасындағы «Пасека» шаруа қожалығының маңында ойнап жүріп шомылып алмақ болады. 7 және 10 жасар балалар ағысқа қарсы тұра алмай, көмекке шақыра бастайды. Жағада жүрген куәгерлер 7 жасар баланы судан алып шығады, алайда 10 жасар баланы ағыс алып кетті.

Келіп жеткен құтқарушылар баланың денесін ұзақ іздеді, ешкім оқиға орнын нақты көрсете алмады. Оны шамамен суға батып кеткен орыннан 150 метр қашықтықта тауып алып, полицияға тапсырды.

2020 жылғы жаздың қайғылы статистикасы – облыста 7 бала суға батып кетті -  Өскемен және Семей қалаларында 2 баладан, Ұлан, Глубокое және Зайсан аудандарында 1 баладан. 2019 жылдың осы уақытында облыста 1 бала ғана суға батқан болатын.

Шығысқазақстандықтар! Ойланыңыздар! Балаларды су жағасына жалғыз жібермеңіздер! Жабдықталмаған орындарда шомылуға рұқсат бермеңіз! Балаларды жүзуге үйретіңіз.шомылу кезінде арнайы қауіпсіздік құралдарын қидіріңіз!

 

ШҚО ТЖД