Ормандағы қауіпсіздік мониторингі

Ормандағы қауіпсіздік мониторингі

Шығыс Қазақстанның басты игілігі болып табылатын ормандар негізінен қылқан жапырақты тұқымдардан тұрады. Өрт шыққан жағдайда мұндай орман жапырақтыларға қарағанда күштi және қауiптi жанады.

Өртті болдырмау үшін ТЖ қызметінің қызметкерлері Үлкен Нарын ауданының орманшыларымен, еріктілерімен және жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, таулы жерлерде тұрғындар және  туристермен алдын алу іс-шараларын жүргізу үшін аттарға және мотоциклдерге отырды. Таулардағы тар соқпақтармен алыс қашықтықтарға дәл осындай көлікпен жүріп, тіпті ең шалғай ауылдар мен туристік тұрақтарға дейін жету оңай.

Тұрғындармен әңгімелесу жүргізіліп, өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелері туралы жадынамалар табыс етілді.

Тәртіп бұзушылар анықталған жоқ, бірақ жағылған от үшін әкімшілік жауапкершілік туралы ақпарат әрқайсысына жеткізілді.