Ер адамды құтқарды

Ер адамды құтқарды

Алтай қаласында Солнечная көшесіндегі пәтерде болған өрттен өрт сөндіру қызметінің мамандары 1987 жылы туған ер адамды құтқардып алды. Өрт сөндірушілерді 2-қабаттағы пәтерден шыққантүтінді байқап қалған көршілер шақырған екен. Отпен күресушілер оқиға орнына 3 минутта келіп жетті. Пәтердің есігін ашу мүмкін болмағандықтан үш иінді сатымен терезе торын қиып тастап, балкон арқылы өрт орнына жетті. Ер адамды байқай салысымен оны балконға шығарып, өртті сөндіру бастады. 0,5 шаршы метрде матрас пен еден жанып жатыр екен, оны сөндіруге 4 минут уақыт жұмсалды және тездетіп пәтер желдетілді. Жүргізілген жұмыстардан соң зардап шегуші далаға шығарылып, жедел жәрдем дәрігерлеріне табысталды.

         Өрттің себебі – мас күйде шылым шегу кезіндегі абайсыздық таныту.

 

ШҚО ТЖД