ШҚО-да мореналық көлдерге аэровизуалды тексеру жүргізілді

ШҚО-да мореналық көлдерге аэровизуалды тексеру жүргізілді

ШҚО ТЖД және Қазселденқорғау мамандары "Қазәуеқұтқару" тікұшағында Катонқарағай ауданының Сарымсақты өзені бассейнің айналып өтті. Мұнда 2500 м-ден астам биіктікте мұздықтардың еруі нәтижесінде пайда болатын 19 мореналық көл бар.

Сел қаупі бар кезеңде Қазселденқорғау ШҚ филиалының мамандары олардың жай-күйін, толымдылығын және сел және сырғыма ағындарын қалыптастыратын факторлардың болуын қарау үшін оларды жерден және ауадан бақылайды.

"Сарымсақты өзені бассейніндегі барлық мореналық көлдер мұз бен қардан ашылып үлгерді, ондағы су деңгейі жоғарылаған жоқ. Олардың негізгі жыныстардан тұратын тұрақты су өткізбейтін жоталары бар.  Бұл көлдерді құрғату бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу талап етілмейді. Алайда, қатты жауын-шашын кезінде су шығыны едәуір артуы мүмкін. Бүгінгі таңда облыста сел, су тасқыны және сырғыма жағдайы тұрақты", - деп атап өтті"Қазселденқорғау" ШҚ филиалының бөлім басшысы Телғат Нұрахмет.

Шығыс Қазақстан облысының тауларында барлығы 144 мореналық көл бар, олар 11 елді мекенге қауіп төндіретін  13 сел ошағын құрайды. Ең көп мореналық көлдер Зайсан, Катонқарағай аудандарында және Риддер қаласында қалыптасады.