
Шығыс Қазақстанның құтқарушылары дабыл қағуда – жаз басталысымен облыста 16 адам,оның ішінде 17 жасқа дейінгі 6 бала суға батып кетті. Семейде – 6 адам, Өскеменде – 2 адам, Алтай ауданында – 2 адам, Глубокое ауданында -2 адам, Бородулиха, Ұлан, Үржар мен Зайсан аудандарында 1 адамнан.
13 адам маусымда батып кетті, бұл әдетте аптап ыстық болған демалыс күндері болатын.
Адамдардың ең көп суға батып кетуі Ертіс өзенінде – 5 адам тіркелді, жасанды суайдындарында – 4 адам, Бұқтырма суқоймасында – 2 адам, қалған табиғи суайдындарында 1 адамнан (Шүлбі суқоймасы, Глубочанка, Емел, өзендері мен дубығалы көлі).
Судағы оқиғалар көбінесе адамның өз кінәсінен болып бжатады, өзіне деген артықсенімділік, күшін асыра бағалау, судағы қауіпсіздік ережелерін елемеу, тыйым салынған, рұқсат берілмегенорындарда шомылу, мас күйде және балалардың ересектердің қарауынсыз қалуы.
ШҚО ТЖД қызметкерлері халықтың назарын шомылу маусымы кезіндегі проблемаларға аудару мақсатында үнемі түрлі акциялар мен рейдтер өткізеді, онда демалушыларға жадынамалар таратылып, әңгімелер өткізіледі, оған қарамастан тұрғындар бұрынғысынша қауіпсіздік ережелерін бұзуды жалғастыруда.
Өңірдің басты проблемасы – жабдықталған жағажайлардың аз болуы. Адамдар жаппай шомылу орындарына рұқсат берілмеген, шомылуға дайын емес. Әкімдік 359 демалу орнын белгіледі, оның 180-і жағажайы бар, бұл ретте 53 базада ғана қоғамдық қауіпсіздік бекеттері құрылған.
ШҚО ТЖД