
Жыл сайын адам өмірін жақсарту үшін және ыңғайлы ету үшін біздің елімізде бағдарламалаушылар,дизайнерлер,маркетологтар,нақты бағыттар бойынша мамандар өндіріске түрлі жоғары технологиялы жабдықтар енгізуде,бағдарламалық қамтамасыз етулер әзірлеуде.
Осындай тапсырмаларды орындай отыра «I2NIK» ЖШС және ҚР ТЖ Комитетімен бірге «Darmen» мобильді қосымшасын әзірледі. «Darmen» әзірлеу үшін Жапония мен АҚШ-тің халықты мобильді қосымша арқылы құлақтандыру тәжірибесі зерттелді.
Семей қаласы ТЖ басқармасы қала халқына «Darmen» тегін мобильдік қосымшасының іске қосылғандығы туралы еске салады. Қосымша бірнеше секунд ішінде біздің облыс аумағында ТЖ пайда болғанда және қауіп-қатер туралы халықты жаппай ақпараттандыруға мүмкіндік береді.
Өзінің жыл сайынғы Жолдауында тіпті Президент те «Жеңіл қол жетімді және іске қосылған телекоммуникациялық жүйенің тағы бір оң жағы жолдардың нашар жағдайына қарамастан,барлық халықтың ақпаратқа қол жеткізуіне кепілдік болып табылуы» екендігін атап өтті.
Қосымша жоғарғы тиімділікті көрсетті және 2019 жылдың қараша айынан бастап біздің қала тұрғындарымен қолданылуда. «Darmen» мобильдік қосымшасы жүктеу үшін «Play market /darmen/ «App store /darmen/-де» қолжетімді.
«Darmen» -ең қажеттінің бәрі сіздің қалтаңызда !
ШҚО ТЖД Семей қаласы ТЖБ