
Өскеменде мысықтың құдыққа құлағаны туралы қоңырау түсті. Жануардың артынан түсу үшін құтқарушылар тіпті жеке қорғаныс құралдарын киюге мәжбүр болды. Бірақ белгілі болғандай, кішкентай марғау тұзаққа түсіп қалыпты. Ол құтқарушының алақанына сыйды. Алайда, үлпілдек өзінің мінезін көрсетіп, қатты дауыстап мияулады. Белгілі болғандай, өтіп бара жатқан адам мысықтың мияулап көмек сұраған дауысын естіп, "112"қызметіне жүгініпті.
Ол құтқарылған "мысықтың баласын" алып, құтқарушыларға алғысын білдірді.
Егер құтқарушылардың көмегі қажет болса, "112"нөміріне хабарласыңыз.