ҚР ТЖМ бөлімдерінде қызмет ету абыройлы!

ҚР ТЖМ бөлімдерінде қызмет ету абыройлы!

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің қатары жаңадан толықтырылды – Шығыс Қазақстан облысында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі 68303 әскери бөлімінің 2-ші құтқару батальоны ашылды.

Жігіттер қиын аймақта қызмет ететін болады, өйткені еліміздің шығысында түрлі төтенше жағдайлар орын алуы мүмкін. 2-ші құтқару батальонының әскери қызметшілері табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюда халыққа көмек көрсетуге шақырылған.

Әскери қызметкерлерді Өскеменде салтанатты түрде қарсы алды.

«Сіздер азаматтарымыздың өмірін қорғау, барлық тапсырмаларды сәтті орындап, еліңізге игілігі үшін қызықты және жемісті қызмет тілеймін!» – деп тілегін білдірді Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлы.