
Шемонаиха қаласында 1 шілдеде жеке тұрғын үйдің шатыры мен веранданың ағаш құрылымдары өртенді. Келген өрт сөндірушілер 48 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.
Алдын ала себеп – электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы.
Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды. Өртке әкелуі мүмкін бұзушылықтарды уақытылы жою қажет.