Өскемен қаласының су айдындары бойындағы рейд

Өскемен қаласының су айдындары бойындағы рейд

Өскемен қаласы ТЖБ қызметкерлері полицейлермен және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп, қаланың су айдындары бойында рейдтер мен патрульдер жүргізеді, онда азаматтарға су айдындарындағы қауіпсіздік қағидалары жеткізіледі, суда жүріс-тұрыс қағидалары бойынша жадынамалар мен буклеттер таратылады.

Облыс орталығында екі жабдықталған шомылу орны бар, атап айтқанда "Көк көлдер ауданы (Этнопарк)" және "Самал"саябағындағы су айдыны.

Қалған жерлер шомылу үшін қауіпті, ағымы күшті және құйындылары бар, құтқарушылар жоқ.

Өскемен қаласының ТЖБ азаматтардан қырағы болуды сұрайды.Балаларды су айдындарында қараусыз қалдырмаңыз.

Мас күйінде шомылуға болмайды.

Жүзу үшін тек жабдықталған жағажайларды таңдаңыз.