Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі қауымдастығы» Кубогына I турнир аяқталды

Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі қауымдастығы» Кубогына I турнир аяқталды

Астана қаласында «Құтқарушы» спорт кешенінде ерлер мен әйелдер арасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі қауымдастығы» Кубогына I турнир өткізілді.
Жарыс 25-28 маусым аралығында өтті.
Турнирге 17 облыс пен Республикалық маңызы бар қалалардан қысқы чемпионаттың қорытындысы бойынша ерлер арасындағы үздік 52 спортшы және әйелдер арасындағы үздік 32 спортшы қатысты.
Турнир екі пән бойынша өтті: шабуыл сатысымен көтерілу және 100 метрлік кедергілері бар жолақтан өту.

Шабуыл сатысымен оқу мұнарасының 4-қабатына көтерілуде ерлер арасында жеңімпаздар:
1 орын - Текенов Бауыржан, Қарағанды облысы (14,01 сек.)
2 орын - Снегирев Дмитрий, Астана қаласы (14,18 сек.)
3 орын - Черносвитов Максим, Шығыс-Қазақстан облысы (14,47 сек.).