Өскеменде өрт кезінде 12 тұрғын эвакуацияланды

Өскеменде өрт кезінде 12 тұрғын эвакуацияланды

Қазыбек би даңғылы мекенжайы бойынша алты қабатты үйдің бірінші қабатындағы пәтерде өрт шықты. Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде тұрғын үйдің ішінен қалың түтін шығып жатты. Өрт сөндірушілер 12 тұрғынды, оның ішінде 5 баланы эвакуациялады. 10 шаршы метр аудандағы өрт жедел түрде жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі – электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.

ШҚО ТЖД азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды. Өрттің шығуына, өртке себеп болуы мүмкін бұзушылықтарға жол бермеңіз.