Қауіпсіз реагенттерді пайдалану мәселелері талқыланды

Қауіпсіз реагенттерді пайдалану мәселелері талқыланды

ШҚО ТЖД-да химиялық қауіпті объектілердің өкілдерімен дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелде өндіріс процесінде қолданылатын аммиак, хлор сияқты күшті улы заттардың қауіпсіз реагенттерге ауысуы туралы мәселе қаралды.

Химиялық қауіпті объектілердің өкілдерімен әңгімелесу барысында олардың ұсыныстарын тыңдап, пайдаланылатын күшті улы заттарды қауіпсіз реагенттерге ауыстырудың кезең-кезеңімен жоспарын бекіту және объектілерді қауіпсіз аймаққа көшіру туралы мәселені қарастыру ұсынылды.

"Тек жауапты үйлесімді жұмыс оң нәтиже беріп, химиялық қауіпті объектілердегі төтенше жағдайларды болдырмауға мүмкіндік береді", - деп атап өтті департамент бастығының орынбасары Құатбек Кенжебекұлы.