Өскеменде құтқарушылар ер адамға көмекке келді

Өскеменде құтқарушылар ер адамға көмекке келді

Үлбі өзенінің бойындағы Протозанов көшесінің маңында куәгерлер көмек сұрап айқайлаған дауысты естіп, құтқарушыларды бірден шақырды. Қайықпен ШҚО ТЖД  қызметкерлері келіп, аралдағы ер адамды тапты. Белгілі болғандай, ол ыстық уақытта жабдықталмаған жерде шомылуға шешім қабылдаған, оны ағыс алып кетіп салдарынан өздігінен жағаға орала алмады.  Құтқарушылар 1994 жылы туған ер адамды қауіпсіз жерге жеткізіп, жедел жәрдем дәрігерлеріне тексеру үшін тапсырды.

ШҚО ТЖД жабдықталған орындарында шомылу қажеттігіні еске салады.

Төтенше жағдайға тап болсаңыз 112 нөміріне хабарласыңыз.