
ШҚО ТЖД бастығы Өскемен қаласының тұрғыны Кенже Бақытбековты салтанатты түрде алғыс хатпен марапаттады.
2024 жылғы 10 маусымда Күршім кенті бөлімшесінің құтқарушыларының жедел іс-қимылдарының арқасында, сондай-ақ, Самар ауылы жанындағы Бұхтырма су қоймасында Кенже Бақытбековтың көрсеткен көмегінің арқасында судан жасөспірімдер құтқарылды.
«Шұғыл жағдайда көмекке келу – ол қайсарлық пен батылдық. Нағыз ер азаматтың ерлігі. Әсіресе қауіпті жағдайларда адамдардың жақсы қасиеттері жарқын көрінеді» деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығы Р. Блялов.