
Қазақстан БАҚ қызметкерлері күні кәсіби мереке қарсаңында ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов журналистерді құттықтап, олардың кәсібі қоғамда ерекше орын алатынын атап өтті. Төтенше жағдайлар кезінде БАҚ-нан оқиғаны жедел бағалау талап етіледі. Журналистерге азаматтар арасындағы қауіпсіздік шараларын насихаттау және құтқарушылардың қызметтерін жарыққа шығаруға көптеген жылдар бойы қатысқандықтарына орай алғыс хаттар табысталды.
Журналистер ұйымдастырылған іс-шараға өз алғыстарын білдірді және дәстүр бойынша фотоға түсті