Өрт сөндірушілер Өскемендегі ірі өртті оқшаулап үлгерді

Өрт сөндірушілер Өскемендегі ірі өртті оқшаулап үлгерді

Кондитерлік өнімдер қоймасы отқа оранды. Оқиға орнына тез арада жеткен өрт сөндірушілер жалынмен күресуге кірісті. 40-тан астам өрт сөндіруші мен 14 бірлік техника, сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды.

Үйлестірілген іс-шаралардың арқасында өрт 1500 шаршы метр аумақта оқшауланды.

Өрттің шығу себебі анықталуда.