Шығыс Қазақстанда өрт қаупі сақталады

Шығыс Қазақстанда өрт қаупі сақталады

Өңірде құрғақ және ыстық ауа райының басым болуына байланысты төтенше өрт қаупі сақталуда.

Бүгінгі күні облыста 6 орман өрті тіркелді, оның аумағы 0,3 гектарды құрады. 12 дала жанулары тіркелді, өрттің аумағы 39,4 гектарды құрады. ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің аумақтық бөлімшелері полиция қызметкерлерімен және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерімен бірлесіп профилактикалық рейдтер жүргізуде. Шығыс Қазақстанда өрттің алдын алу мақсатында орманшылар, ШҚО ТЖД қызметкерлері, полиция, жергілікті атқарушы билік өкілдерінен тұратын 50 мобильді топ жұмыс істейді. Уақытылы жүргізілген алдын алу шараларының арқасында топтар өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған 31 тәртіп бұзушыны анықтады.

Қазір облыста Алтай, Марқакөл, Катонқарағай, Үлкен-Нарын аудандарында 2-дәрежелі өрт қаупі бар. 3-дәреже – Өскемен, Риддер, Күршім ауданы және Самар өңірінде.

Облыс аумағында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің «Өрт қаупі жоғары кезеңде Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры аумағында жеке тұлғалардың болуына тыйым салу туралы» қаулысы бар.

Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды:

арнайы өрт режимі кезінде ормандарда болуды шектеңіз

- ашық отпен абай болыңыз

- отын жағуға болмайды

- шөпті күйдірмеңіз

 Өрт анықталса, дереу 101 және 112 телефондарына хабарласыңыз.