
ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов қызметкерлерге алғыс хаттар табыстап, төтенше жағдайлар жүйесіндегі олардың жұмыстарының маңыздылығын атап өтті. Бүгінде мемлекеттік қызметкерлер азаматтардың қауіпсіздігі игілігіне офицерлермен қатар қызмет атқарады. Азаматтық қорғаныс басқармасында, төтенше жағдайларды алдын алу, қаржы және мемлекеттік сатып алу, құжаттамалық қамтамасыз ету, кадр қызметі, заң тобы, қоғаммен байланыс топтарында 26 маман қызмет атқарады.
«Мемлекеттік қызметшілер жұмысы адамнан кең ауқымды білімді, үлкен жауапкершілікті, төзімділікті талап етеді. Сіздерге Қазақстан халқына еңбек ету ісінде сәттілік тілеймін» - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов.