
Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу нәтижесінде үшінші қабаттағы тұрмыстық үй-жайларда жиһаздың, төсек-орынның жануы орын алды. өрт туралы ақпаратты медециналық персонал «101» қызметіне хабар беріп және науқастарды эвакуациялауды бастайды. Өрт орнына ШҚО ТЖД күштері мен құралдары келеді. Кезекші электрик бас ғимаратта электр қуатын ажыратады.
Өрт сөндірушілер отпен күресіп, бір уақытта екі дәрігерді құтқару маскаларының көмегімен эвакуациялады, олар қатты түтінді бөлмеде қалған. Өрт сөндіру бөлімшелерінің күшейтілген әрекеттерімен жалын ауыздықталды. Шартты өрт сөндірілді.
«Ауруханалар мен басқа да емдеу мекемелеріндегі өрттер әрқашан күрделі және өзіндік ерекшеліктері бар. Ең алдымен, көбінесе өздігінен қозғала алмайтын адамдардың көп болуы. Сонымен қатар, жану кезінде улы заттардың бөлінуі мүмкін. Оқу-жаттығу барысында дайындық дәрежесі тексеріліп, өрт шыққан кезде аурухана әкімшілігі мен медицина қызметкерлерінің іс - әрекеттері пысықталды, медициналық мекемелерде өрттер мен олардың салдарын жою бойынша жеке құрамның жаттығулары өткізілді», - деп атап өтті ШҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметінің бастығы Айдос Нүсіпбаев.