
Мемлекеттік қызмет-елдің мүддесіне адал еңбек.Осы абыройлы қызметте жүрген лауазым иелеріне артылар жүк ауыр.Қазақстан Республикасының президенті Қ.К.Тоқаев өзінің берген сұқбатында мемлекеттік қызметшілердің жұмыстарының негізгі принциптері адалдық, кәсібилік, құзыреттілік, ашықтық болуы керегін және мемлекеттік қызметшінің басты мақсаты азаматтардың әл-ауқатын жақсарту болып табылатынын атап көрсетті. Осы қасиеттерге ие, мемлекеттік қызметте 30 жылдай еңбектеніп келе жатқан - Барақпаева Гүлнар Сыдықанқызы.Өз жұмысына әлі күнге дейін адал,тиянақты қарайтын үлгі тұтар бірден бір қызметкер.1969 жылы Күршім ауданы Аманат ауылында дүниеге келген.Боран ауылында мектепті аяқтап шығып,Алматы қаласы Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде «механика және математика» факультетін тәмәмдаған.1 жыл Алматы қаласында инженер болып жұмыс жасап,Марқакөл ауданында зейнетақы,жәрдемақы тағайындап 14 жыл қызмет еткен.
Гүлнар Сыдықанқызы тек қана адал қызметкер ғана емес аяулы жар және ардақты ана. Жолдасымен бірге «қыз-өмірдің қызғалдағы» демекші қызғалдақтай 3 қызды тәрбиелеп отыр,олардың жетістіктері туралы мақтан тұта айтып өтті.Бос уақытында әр түрлі тағамдар жасап,кітап оқып,табиғатта демалғанды,гүл өсіргенді ұнататынын кабинетте,аулада да гүлдері жайнап тұрғанын көрсетіп кетті.
2007 жылдан бастап төтенше жағдайларды алдын алу бөлімінде өз жұмысын бастаған болатын.
«Қаламызда қандай төтенше жағдайлар орын алмасын сонын бәрін өз аяғыммен жүріп аралағам десемде артық айтпаймын»-дейді Гүлнар Сыдықанқызы. «2015 жылы департаментке ауысып. 5 жыл мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінде жұмыс жасадым өте күрделі,жауапкершілікті талап ететін жұмыс.Ал қазіргі таңда құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту тобында бас маманмын.Келіп түскен құжаттарды тіркеп,бақылауға алып,қадағалап дұрыс толтырылуын тексеріп отырамыз.Бұдан бөлек «Е-өтініш»базасына азаматтардан келіп түскен өтініштерді тіркеп,олардың орындалуын уақытылы қадағалап жіберуіне жауап беремін»
Одан бөлек Гүлнар Сыдықанқызы жұмыс барысында орын алған қызықтарында айта отырды.Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министірлігінен қызметтік міндеттерін адал атқарғаны,қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін алған марапаттарымен таныстырды.