
Зайсан қаласында, Ибраев көшесінде жеке тұрған ғимаратта өрт болды. Ғимараттың төбесі отқа оранды. Үй ішінде болған адамдар далаға өз бетінше шықты.
ШҚО ТЖД және Зайсан орман шаруашылығы қызметкерлері мен құтқарушыларының көмегімен өрт 1200м алаңда толығымен жойылды. зардап шеккендер жоқ.
Алдын ала өрттің себебі электр желісін орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау болды.
ШҚО ТЖД мамандары өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді. Өртке әкелуі мүмкін жағдайларға жол бермеңіз!!!