
Терезеден құлау жағдайларына алаңдаған ШҚО ТЖД және Өскемен қаласы ТЖБ құтқарушылары көпқабатты үйлердің пәтерлерінде қорғаныс құрылғыларын орнату акциясын жалғастырды. Бұл жолы мүгедек балалар тұратын отбасында құлыптар орнатылды, оларды тәулік бойы қарау керек.
ТЖ қызметкерлері атап өткендей, жазатайым оқиғалар ата-аналар пәтерлерде терезелер ашық екенін ұмытып, балаларды бірнеше минутқа қараусыз қалдырған кезде болады.
«Оқыс оқиғаларды болдырмауға және жазатайым жағдайдан қорғауға көмектесетін құрылғыларды орнату өте маңызды. ШҚО ТЖ департаменті тұрақты негізде ата-аналар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді», - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлы.
Акцияға кәсіпкерлер қатысты. Терезелерге қорғаныс құрылғыларды "Za Oknami_Oskemen"сатып алуға көмектесті. Бұл механизмдер жазатайым оқиғалардан сақтайды.
Акциямен құтқарушылар балалар қауіпсіздігі мәселелерін қолдауға шақырады. "Азаматтар мен ұйымдар ТЖ алдын алуға неғұрлым көп қатысса, соғұрлым біз балаларға төнетін қауіпті азайта аламыз", - деп хабарлады ШҚО ТЖД.
ТЖД ересектерден келесі ұсыныстарды ескеруді сұрайды:
- Үйде кішкентай бала болса, терезелерді ашық қалдырмаңыз
- Жиһазды терезелердің жанына қоймаңыз
- Терезелерде арнайы қорғаныс құрылғылары болуы керек
- Бала оны өздігінен аша алмайтындай етіп терезе тұтқасын құлыптаңыз
- Баланы терезе алды тақтайшаға шығуға және терезеден көшеде не болып жатқанын көруге үйретпеңіз, ол сіз жоқта қайталауы мүмкін
- Балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз
- Есіңізде болсын, москит торы баланы құлаудан құтқармайды.
Балалардың қауіпсіздігі тек сіздің қолыңызда!
Төтенше жағдай туындаған жағдайда құтқару қызметіне 112, 101 телефондары бойынша қоңырау шалыңыз.