Қызметі кәсіпке үйлескен

Қызметі кәсіпке үйлескен

Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде 26 мемлекеттік қызметкер қызмет өткеруде.

Валентина Панова 25 жылдан астам уақытын төтенше жағдайларды алдын алуға арнаған, ол Алтай ауданы Төтенше жағдайлар басқармасында қызмет атқарады.   

Оқу-жаттығу өткізу, шаруашылық объектілерінде жаттығу өткізу, азаматтық қорғаныс жоспарларын әзірлеу – бас маман В. Пановаға берілген оңай міндет емес.

Өз кәсібінде Валентина Альбертовна тәжірибесі мол қызметкерлердің бірі, азаматтық қорғаныс туралы барлығын жақсы біледі және жас қызметкерлермен бөліседі.  

2018 жылы Алтай ауданындағы су тасқыны кезінде В. Панованың белсенді қызметінің арқасында, барлық ақпараттар уақытында жиналып, өңделіп, басшылыққа әрі қарай шешім қабылдауға жіберіліп отырды. Бұл төтенше жағдайларды болдырмауға мүмкіндік берді.

Валентина Альбертовна қызметтен бос қезінде кітап оқығанды жақсы көреді. Ол ағылшын классикасына үлкен мән беріп, Джейн Остинді оқиды.

Валентина Альбертовна сауатты және орындаушы мемлекеттік қызметкердің үлгісі.