
Қазселденқорғау мамандары Бұқтырма, Берел өзендері бассейдерінің, Сарымсақты өзені ьассейініғ Листвяг жотасы ауданында «Қазавиақұтқару» тікұшағынмен ұшып өтті.
«Жыл сайын қауіпсіздік мақсатында сел қаупі бар жағдайды бақылау үшін көлдер мұздан әлі ашылмаған сәттен бастап және олар толық ашылғанға дейін зерттеулер жүргізіледі. Осы ұшу нәтижелері бойынша мұздықтар мореналарының көпшілігі қысқы қармен жабылған, биіктігі 0,5-тен 1,5 метрге дейін. Көлдердің көпшілігінде бассейндердің біртіндеп толтырылуы байқалады. Мұздықтардың қарқынды еру белгілері анықталған жоқ. Ауа температурасы көтерілген кезде өзендердегі су шығыны едәуір артуы мүмкін», - деп атап өтті"Қазселденқорғау" ШҚ филиалының басшысы Советбек Станбеков.
Шығыс Қазақстан облысының тауларында барлығы 13 елді мекенге қауіп төндіретін 144 мореналық көл қалыптасады. Ең көп мореналық көлдер Зайсан, Катонқарағай аудандарында және Риддер қаласында қалыптасады. Бүгінгі таңда облыс бойынша жалпы жағдай тұрақты.