Кафелер мен мейрамханаларды өрттен қорғау

Кафелер мен мейрамханаларды өрттен қорғау

ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының мамандары дәмханалар мен мейрамханалардың желдету жүйелерінде май шығындысының өртену жағдайларының жиілеуіне алаңдаулы. Олар жүргізген талдау көрсеткендей, мұндай жағдайлар ағымдағы жылдың басынан бері 4, 2023 жылы -1, 2022 жылы -3 рет болған. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 410-бабы бойынша өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 4 нысан әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазақстан Республикасының Өрт қауіпсіздігі қағидаларының» 120-тармағына сәйкес Желдеткіш камералар, циклондар, сүзгіштер, ауа өткізгіштер жанғыш шаңнан, өндіріс қалдықтарынан және май шөгінділерінен тазартылады».
«Дәмханалар мен мейрамханалардың желдету жүйелеріндегі май шығындылары өте жанғыш материал. Май қабатына түскен кішкентай ғана ұшқын тұтанып, қауіпті өртке әкеп соғуы мүмкін», - деп атап өтті ШҚО ТЖД-да.
Желдету жүйесі өртті қашан тудыруы мүмкін:
- жұмыс барысында жылу қорғайтын құрылғылары жоқ жабдықтың жоғары температураға дейін қызуы;
- жүйенің сапасыз орнатылуы, оның тығыздығының бұзылуы, ал қозғалатын газ тәрізді қоспаның температурасы жоғары болуы;
- ауа өткізгіштерде орналасқан шаң мен заттар химиялық реакцияларға түсіп, өздігінен тұтануға қабілетті болуы.
ШҚО ТЖД объектілерді өрттен қорғау үшін тұрақты негізде желдетуді тексеру және уақтылы тазалау қажет екенін атап өтті. Үй-жайларға арналған желдету жүйелерін жобалау кезінде ескеру қажет маңызды көрсеткіштердің бірі ол - өрт қаупі тұрғысынан олардың санаты.