Қараусыз қалған бала терезеден құлап кетті

Қараусыз қалған бала терезеден құлап кетті

Өскемен қаласында Серікбаев көшесіндегі пәтердің бесінші қабатының терезесінен екі жасар бала құлап кетті. Белгілі болғандай, оның анасы үйде болған және аз уакытқа ішінде оның терезеге қалай көтеріліп, терезенің москит торына сүйеніп, құлап кеткенін байқамай қалған. Қазіргі уақытта бала медициналық мекемеге жатқызылды.

"Қайғылы оқиғалардың басты себебі - балаларды қараусыз қалдыру, терезелерде қорғаныс құрылғыларының болмауы", - деп атап өтті ШҚО ТЖД.

ТЖД ересектерден келесі ұсыныстарды ескеруді сұрайды:

- Үйде кішкентай бала болса, терезелерді ашық қалдырмаңыз

- Жиһазды терезелердің жанына қоймаңыз

- Терезелерде арнайы қорғаныс құрылғылары болу керек

-  бала өздігінен аша алмайтындай етіп терезе тұтқасын құлыптау қажет

- Баланы терезе алды тақтайшаға шығуға  және терезеден көшеде не болып жатқанын көруге үйретпеңіз, ол сіз жоқта қайталауы мүмкін

- Балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуына  рұқсат бермеңіз

- Есіңізде болсын, москит торы баланы құлаудан құтқармайды.

Балалардың қауіпсіздігі тек сіздің қолыңызда!

Төтенше жағдай туындаған жағдайда құтқару қызметіне 112, 101 телефондары бойынша қоңырау шалыңыз.