
ШҚО ТЖД төтенше жағдайлар жүйесінде қызмет етіп, өз міндеттерін абыроймен атқарған әріптестерін зейнеткерлікке шығарып салды.
ШҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметінің мемлекеттік құпияларды қорғау тобының бас маманы Мадина Есімханова Департаментте әр түрлі лауазымдарда 25 жылдан астам қызмет атқарған.
Думан Дәнелбеков Глубокое ауданы ТЖБ бастығы болған, бұрын мемлекеттік өрт бақылау бөлімінде және өрт сөндіру саласында қызмет атқарып аталған аймақтың тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз еткен. Д. Дәнелбеков төтенше жағдайларды алдын алуға 20 жылдан астам уақытын арнаған.
Әрқайсысы өздерінің беделді қызметтерімен әріптестерінің құрметіне ие.
ШҚО ТЖД бастығы зейнеткерлерді алғыс хатпен марапаттап оларға денсаулық, сәттілік тіледі.
Зейнеткерлер өздерінің атқарған қызметтерімен мақтанатындықтарын және әріптестерінің оларға қаншалықты қымбат екендігін, оларды ешқашан ұмытпайтындықтарын атап өтті.