
Өскеменде құтқару қызметіне тұрғын жүгінді. Белгілі болғандай, әйел адам өздігінен саусағындағы сақинасын шеше алмаған.
Шақыруға ШҚО ТЖД Мамандандырылған жасағының қызметкерлері келіп, олар ісініп кеткен саусақты қатты қысып тұрған екі сақинаны көреді. Құралдардың көмегімен құтқарушы Арнат Қасенов зергерлік бұйымдарды абайлап шешіп алды.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз