Мобильді топтар аймақтағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді

Мобильді топтар аймақтағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді

Бүгінгі таңда облыс бойынша азаматтық қорғау күштері, жергілікті полиция қызметі, орман мекемелері және жергілікті атқарушы органдар қатарынан 279 адамнан тұратын 50 бірлескен мобильді топ құрылды. 381 рейдтік іс-шара жүзеге асырылды, 31 бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ШҚО ТЖД мамандары атап өткендей, облыста көбінесе ашық жерлерде және саяжай қоғамдастықтарына жақын аймақтарда шөптердің жануы көптеп болып тұрады. Мұның себебі-отпен абайсызда жұмыс істеуден өрт шығарып алуы

Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері облыста ауданы 0,3 га болатын 4 орман өрті және ауданы 38,4 га болатын 11 дала жанулары, 158 шөп өртенді.

ШҚО ТЖД еске салады: халыққа ашық отпен жұмыс жасауда өте сақ болу керек, үйлер мен үй-жайлардың жанында от жағуға, құрғақ шөпті өртеуге, қамысты өртеуге болмайды. Жол бойында сөндірілмеген темекіні, шыны ыдыстарды көліктерден тастамаңыз.

Рұқсат етілмеген жағулар және құрғақ шөптің қалдықтарын жағулар үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған:

- ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 336-бабы бойынша-20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады;

- ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 410-бабы бойынша-ескерту жасауға немесе 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады;

ШҚО ТЖД еске салады: өрт қауіпті кезеңде елді мекендердің, ұйымдардың, саяжай қоғамдастықтарының, кәсіпорындардың аумақтарын жанғыш қалдықтардан, қоқыстардан, құрғақ шөптерден уақтылы тазарту.

Табиғатта қауіпсіз демалуға ерекше назар аударыңыз, мұндай өрттердің шамамен 90% - ы адамның кінәсінен болады.

Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.