
Шымкент қаласының Қ. Мұңайтпасов атындағы орталық стадионында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер мен әйелдер арасындағы ҚР Кубогына VII турнирдің үшінші кезеңі өтті.
Үшінші жарыс күні 4х100м өрт эстафетасы дисциплинасы бойынша өткізілді. Үшінші кезең қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.
Ерлер арасында 4х100м өрт эстафетасында жүлдегерлер:
1 орын - Астана қаласы (58,69 сек.)
2 орын - Шығыс-Қазақстан облысы (59,33 сек.)
3 орын - Маңғыстау облысы (60,27 сек.).
Әйелдер арасында 4х100м өрт эстафетасында жүлдегерлер:
1 орын - Түркістан облысы (63,43 сек.)
2 орын - Астана қаласы (63,6 сек.)
3 орын - Алматы қаласы (65,76 сек.).
15 маусымда Қ. Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда жарыс өрт мотопомпасынан жауынгерлік қанат жаю дисциплинасы бойынша жалғасады.