
Шығыс Қазақстан облысындағы барлық лагерь санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру бойынша тексеруге қатысады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ғалымбек Алин мәлім етті.
«Департамент облыстық білім басқармасымен бірлесіп, жазғы маусымға лагерьлерді дайындау бойынша күнделікті жүйелі түрде жұмыс жүргізеді. Сауықтыру ұйымдарының барлық басшысы мен шаруашылық жүргізуші субъектілері рұқсат құжаттарынсыз лагерьлер ашқаны үшін жауапкершілік шаралары туралы хабардар етілді», - деді Ғалымбек Алин.
Брифинг барысында ШҚО ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының инженері Нұрболат Өтеев балалардың терезеден құлап кетуіне байланысты апаттың алдын алудың жолдарын кеңінен түсіндіріп берді.
ШҚО-да соңғы 2 жылда су айдындарында 9 адам қаза тапты. Оның біреуі бала. Брифингке қатысқан Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері Ерік Тұрсынғалиев осылай деді.«10 маусымда Самар ауданы Құлынжон ауылының тұрғындары, кәмелеттік жасқа толмаған жас мөлшері 2008, 2012,2011,2010 жылы туылған балалар, Бұқтырма су қоймасында орналасқан «Қызыл ту» өткелі маңында шомылуға тыйым салынған орында суға түсу кезінде кенеттен желдін күшеюіне байланысты тереңге ағызып әкетті, сол уақытта жақында болған азаматтардың және ШҚО ЖҚЖ құтқарушылардың дер кезінде әрекет ету арқасында құтқарып қалды.Осы факт бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабы бойынша балалардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 7 айлық есептік көрсеткіші есебінде айыппұл салынды», - деді Ерік Тұрсынғалиев.
Брифинг барысында облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының ювеналды полиция тобының инспекторы Қарлығаш Құдекенова жазғы лагерьлердегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бес жүзге жуық полиция қызметкері жұмылдырылғанын атап өтті. «Облыста 1-10 сыныптарда 93 482 оқушыны жазғы сауықтыру және сауықтырумен қамту жоспарлануда, оның ішінде 100% (4850) көп балалы және аз қамтылған отбасы балалары бар. Биылғы жылы жазғы сауықтыру орталықтарының желісі 487 бірлікті құрайды (12 қала маңы, оның 9 мемлекеттік, 3 жекеменшік, 1 мемлекеттік-жеке меншік лагерь, 270 мектеп жанындағы лагерь, 204 мамандандырылған участке)», - деді Қарлығаш Құдекенова.