
Маусым айының 10-15 аралығында Шымкент қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер мен әйелдер арасында ҚР Кубогына VII турнирі өтіп жатыр. Жарыс 15 маусымға дейін өтеді.
Турнирге еліміздің 13 облысынан және қаласынан 13 ерлер, 12 әйелдер құрама командалары, 300 жуық спортшылар қатысады.
13 маусым Шымкент қаласы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» РММ Мамандандырылған жасағының базасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер мен әйелдер арасындағы ҚР Кубогына VII турнирдің екінші кезеңі өтті.
Екінші кезең оқу мұнарасының 2 және 4 қабаттарына шабуыл сатысымен көтерілу дисциплинасынан өткізілді. Екінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.
Ерлер арасында шабуыл сатысымен оқу мұнарасының 4-қабатына көтерілуде жеке біріншілікте жүлдегерлер:
1 орын - Буторин Николай, Шығыс-Қазақстан облысы (14,0 сек.)
2 орын - Әбдібек Еркін, Қызылорда облысы (14,07 сек.)
3 орын - Снегирев Дмитрий, Астана қаласы (14,44 сек.).
Ерлер арасында командалық есепте:
1 орын - Астана қаласы (88,26 сек.)
2 орын - Маңғысиау облысы (88,36 сек.)
3 орын - Батыс-Қазақстан облысы (88,83 сек.).
Әйелдер арасында шабуыл сатысымен оқу мұнарасының 2-қабатына көтерілуде жеке біріншілікте жүлдегерлер:
1 орын - Лукьянова Алёна, Қостанай облысы (7,61 сек.)
2 орын - Бажева Айнура, Қостанай облысы (7,63 сек.)
3 орын - Жидонис Анастасия, Шымкент қаласы (7,67 сек.).
Әйелдер арасында командалық есепте:
1 орын - Алматы қаласы (48,36 сек.)
2 орын - Астана қаласы (48,45 сек.)
3 орын - Түркістан облысы (48,7 сек.).
14 маусымда Қ. Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда жарыс 4х100м өрт эстафетасы дисциплинасы бойынша жалғасады.